Ұшқыштың альпинисфті құтқару кезіндегі шеберлігі бүкіл әлемді таңғалдырды (ВИДЕО)

0

Францияның Альпі тауларында аяғын жарақаттап алған туристі құтқару операциясы видеоға түсірілді

АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. Франция тауларындағы құтқару операциясының кадрлары Желіде таралып жатыр: полиция тікұшағының ұшқышы күрделі жағдайларда әуе кемесін басқарудың асқан дәлдігін көрсетті.

Бруно есімді 19 жастағы альпинист қар жамылған тауларда серуендеп жүріп, тізесін жарақаттап алғаны белгілі болды. Жас жігітті құтқаруға жандармерия тікұшағы жұмылдырылды, деп жазды The Daily Mail.

Тікұшақ жәбірленуші тұрған жерге барынша жақын барды – қалақшалары жартасқа бірнеше сантиметр ғана жетпеді. Алдымен  дәрігерлер түсіп, шұғыл көмек көрсетті, сосын бәрі бірге бортқа мінді.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/