Үш баланың анасы төсін үлкейткен отадан кейін қаза тапты

- Жарнаманы баса кетіңіз -
Үш баланың анасы төсін үлкейткен отадан кейін қаза тапты


Косметолог Луиза Харви дене бітімін әдемірек ету үшін ота жасатып, төсін үлкейткізген.

Алайда операциядан кейін 17 күн өткен соң үш баланың анасы қайтыс болды – ол өкпедегі қантамырды бітеп тастаған ұйыма қанға тұншығып қалған. 36 жастағы Луиза Харви өз дене бітіміне көңілі толмай, сондықтан Лондондағы емханалардың бірінде төсін үлкейтпек болады. Бастапқыда операция сәтті шыққандай көрінген – әйелді бірнеше күнде ауруханадан шығарыпты. 

Алайда көп ұзамай Луиза демікпеге шалдығып, тағы да дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Әйелді шұғыл арада ауруханаға жатқызғанымен, өміріне араша түсу мүмкін болмады – пластикалық отадан кейін 17 күн өткен соң ол өкпедегі қантамырдың бітеліп қалуынан көз жұмды.

Сарапшылар анықтағандай, операция кезінде дәрігерлер қанның ұйып қалғанын байқамапты. Кейінірек ұйыған қан ағзада қозғалып, өкпеге қан тасымалдайтын тамырды бітеп тастаған. Енді мамандар әйелдің қазасының себебін нақтылауы тиіс – дәрігердің қателігі ме, әлде жазатайым оқиға ма? Луиза Харвидің соңында он сегіз, он бір және алты жастағы үш баласы қалады. Ананың өлімі үшін жауапкершілікті кім мойынына алатыны әлі белгісіз.

Дереккөз: Sputnik

Загрузка...