Ұлыбританиядағы су тасқыны 6 адамның өмірін қиды — Қазақстан жаңалықтары

0

Ұлыбританияда тоқтаусыз жауған жауыннның кесірінен Уэльсте алапат су тасқыны орын алды. Тілсіз жау алты адамның өмірін жалмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

су тасқыны

Ең соңғы табылған адам Бирмингем тұрғыны екен. 

Ұлыбритания тарихында мұндай ірі су тасқыны болып көрмеген. Қазіргі уақытта Уэльс тұрғындары алдағы күтілетін толассыз жаңбырға дайындықты бастап кетіпті. Жауын-шашынның тоқтамауы қираған үйлерді қалпына келтіру және құтқару жұмыстарына кедергі келтіруде. 

Бұған қоса жергілікті метеорологтар англиялықтарға да сақ болуды ескертті. 

«Бүгінгі күні біз халықты қауіпсіз жерге көшіру үшін жағдай жасаудамыз. Тұрғындарға сақ болуды және өз отбасыларымен бірге эвакуциялау орталықтарына баруға кеңес береміз»,- деп мәлімдеді жергілікті билік. 

Бұған дейін топан су жайлы Англия мен Уэльсте 9 рет дабыл қағылыпты. 
 

stan.kz