Ұлыбритания ішкі істер министрлігі Ассанжды АҚШ-қа беруге келісті

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Ұлыбритания ішкі істер министрлігі Джулиан Ассанжды АҚШ-қа беруге рұқсат етті. Бұл бойынша түпкілікті шешімді бүгін, 14 маусымда сот қабылдайды. АҚШ-та WikiLeaks негізін қалаушы Ассанжға 17 айып тағылған. Ең ірі айыптың бірі – Ауғанстан мен Ирактағы соғыс туралы құпия деректерді жариялау. АҚШ прокурорлары оны бұрынғы әскери Челси Мэннингке Пентагон компьютерлеріндегі деректерді ұрлауға көмектесті деп айыптаған.

Ассанж АҚШ өзін саяси себеппен қудалап жатыр деп санайды.

WikiLeaks негізін қалаушы АҚШ пен Швециядағы (мұнда зорлау бабымен) өзінің үстінен қозғалған істерден қашып, 2012 жылдың маусымынан 2019 жылдың сәуіріне дейін Эквадордың Лондондағы консулдығын паналап келген. Бірақ биыл Эквадор оны дипломатиялық баспанадан айырды. Ассанжды британ полициясы ұстап, Лондон соты мамырда кепілмен босап шығу ережесін бұзғаны үшін 50 аптаға қамаған.

Ұлыбритания Ассанж өлім жазасына кесілуі мүмкін ешбір елге бермеуді уәде еткен. АҚШ тарабы WikiLeaks негізін қалаушысына мұндай жаза кесілмейтінін айтқан. Бірақ оған айып тағылған баптардағы жаза мерзімдерін қоса есептегенде Ассанж 175 жыл түрмеге кесілуі мүмкін.

Azattyq

Загрузка...