«Үлкен кісіге сыйлаймын»: 5 күйеуден де талақ алған әйел көрген қорлығы туралы айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Алты баланың анасы Ақбота 17 жасында бірінші рет тұрмысқа шыққан. Бұдан кейін ол төрт рет тұрмыста болады. Келіншек талақ айтып, жыныстық жиһад жасағандардың арқасында тағдырының қалай өзгергенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасының «Пендеміз ғой» бағдарламасына сілтеме жасап. 

aiel

Сурет: «Пендеміз ғой» бағдарламасынан скриншот

Алғашқы жарымен студент кезінде танысқан ол кәмілеттік жасқа толмай тұрмыс құрады. 3 жыл бір шаңырақтың астында тұрып, арада бала болмаған соң екеуі екі жаққа кетеді. Артынша туыстарының ықпалымен отбасын құрмаған жігітпен қол ұстасқан. Некелерін заңды түрде тіркемеген. 

«Қызымыз тумай тұрып ажырасып кеттік. Күйеуім есік көрген қызды алдым деп себебін айтты. Мен қызыммен бір жақта қалдым, ол кісі өз жөнімен кетті», — дейді келіншек.

Біраз уақыт өткеннен кейін Ақбота әлеуметтік желіде үшінші күйеуімен танысады. Діни тұрғыдан психологиялық қолдау көрсеткен жігітпен танысып, оның иманды екенін ұғынып, көңілі жарым болып жүрген келіншек тағы тұрмыс құрады. Бұл некесіне әке-шешесі қарсы болғанына қарамастан өз бетінше шешім қабылдаған ол жарының біраз уақыт өткеннен кейін балағы қысқарып, сақалы ұзарғанын байқаған.

Көп ұзамай үшінші жары Ақботаға паранжа кигізіп, теледидар көрмейсің, жегенің харам, ешқайда шықпайсың деп тыйым сала бастайды. 

Ақбота: «Телефонмен сөйлеседі де шығып кетеді, жиындарға көп барады. Содан кейін ол кісі, сен менің әйелім болуға лайықты емессің деп маған қол көтерді», — дейді. Артынша Ақбота үшінші жарынан да талақ алады.

Кейіпкердің айтып отырған жиындарын, дінтанушы Кеңшілік Тышқан: «Ең ауыр жаза адамды жеке қамаққа қалдыру. Сондықтан кез келген идеялас немесе бір көзқарастағы адамдар бір-бірімен зайырлы сипатта болсын, дос пен туыстың арасындағы сипатта болсын жиналыс жасайды. Діни жамағатта да осындай үрдістер бар. Олар бірлесіп, діни тақырыптарды талдайды, өздерінің ұстаздарын тыңдайды, рухани қажеттіліктерін қамтамассыз етіп, жоспарлар құрып, қатынастарын нығайтады. Яғни, шай ішіп бауырмалдықты күшейтіп, әрі қарай бір-бірін түзетіп, үйретіп алып кетуі мүмкін. Бұл барлық діни бағытта бар. Ол белгілі бір мақсаттарда болады. Ұстаздарының нұсқауларымен отбасына шаралар қолданады. Арғы жағын ойлап тұрған жоқ. Шариғат нормасының өзін бейімдеп алған адамдар», — деп түсіндіреді.

Қалай өмір сүремін деп уайымға салынып жүрген Ақбота отынын түсіріп берген адаммен сөйлесіп жүріп, төртінші рет отбасын құрады. 

«Ол кісі де намаз оқитын еді. Көп ұзамай екі бала тудым. Арада үш жыл өткеннен кейін, жанжал басталды. Тағы да қателестім. Ол кісі біреуге хабарласып, бірнеше еркек үйге кіріп келді. Барлығы сақалдылар.

«Талақ, талақ, мен сенімен ажырасамын. Сені бір үлкен кісіге сыйлаймын, әйелдікке беремін» деп менің пікірімді ескермей, мәжбүрлеп, бесінші рет тұрмысқа берді», — дейді Ақбота.

Төрт жыл бойы қапаста отырған келіншеке балаларын көруге де рұқсат бермеген. Бесінші күйеуінен үш құрсақ көтерген. Күйеуі телефонын үйге ұмытып кеткенде, анасына зорға хабарласып, мән-жайды түсіндірген екен. Солайша, ата-анасының арқасында қамақтан шыққан. 

Қазіргі кезде ол адамдар жазаларын тартқанымен, босап шыққанан кейін жағдайым не болады деп қорқады.

stan.kz