ТЖК қар көшкінінен сақ болуға шақырады

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Астана, BAQ.KZ. Қыс қызығы қар десек те, таулы аймақтарда қар көшкіні түсу қаупі жоғарлайды. Осыған орай ҚР ІІМ ТЖК «Казселденқорғау» ММ Алматы облыстық пайдалану басқармасы филиалының бас инженері С. Сабырбаев тұрғындарға тауға шыққан кезде абай болу керектігін ескертеді.

“Қар көшкінінің астында қалмау үшін таулы жерде жүрудің қауіпсіз жолдарын білуіңіз керек. Қар көшкіні үш түрге бөлінеді, олар: Көшкін түсірудің бедері бойынша және көшкіннің жолы бойынша: борпылдақ жаға – бұл баурайдың барлық ауданынан түскен қар көшкіні. Арнашық көшкіні – науалар мен астаушалар арқылы өтетін және жүйектер түріндегі тау жыныстарының желге мүжілу аймақтарын бойлай өтетін көшкін. Көшіп-қонатын көшкін – кертпештерден және сөрелерден құлап түскен көшкін. Қардың консистенциясы бойынша (құрғақ, ылғалды және сулы көшкіндер): құрғақ көшкін – жаңадан түскен немесе көшіп ауысқан қармен баурайды қаптайтын қалың мұзды қабаттың арасында шамалы іліну болғандықтан түседі. Көбінесе, құрғақ көшкін төменгі температура жағдайларында пайда болады, жаңадан түскен қардың тығыздығы 100 кг/м2-ден аз болғанда. Сонымен бірге қар массасының тығыздығы 150 кг/м3 дейін жетуі мүмкін; ылғалды көшкін – жылымық пен жаңбырдың аясында тұрақсыз ауа райында түседі. Ылғалды көшкіндердің пайда болу себебі әр түрлі тығыздықтағы қардың қабаттары арасында су қабатының пайда болуы” – дейді ҚР ІІМ ТЖК «Казселденқорғау» ММ Алматы облыстық пайдалану басқармасы филиалының бас инженері С. Сабырбаев.

Қар көшкіні кезінде қандай қауіпсіздік шараларын қолдануға болатыны жайлы да маман өз тәжірибесімен бөлісті.

“Тау маршруттарына, тексерулерге немесе сырғанауға шығудың әрқайсысы мүдделі органдарда рәсімделуі немесе хабарлануы тиіс. Ол жерлерде маршруттар, жылыту пункттері, жасақтың станцияға (экспедиция базасына) қайтудың бақылау мерзімі, қатысушылардың алдағы ауа райы жағдайын және маршруттың өтуге болатындығын және оның ең күрделі және қауіпті учаскелерін білуі керек. Қиын және қауіпті маршруттарға кемінде үш адам (жолбасшыны қоса алғанда) шығуға тиіс” – дейді ол.

Қауіпті жерлерде, соның ішінде кешкі уақытта, шаңғымен сырғанауға жалғыз шығуға тыйым салынады.

Алматы облысының бес ауданында көшкін қауіпті аудандар тіркелген: Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында, Іле Алатау жотасының оңтүстік бөктерінде, сондай-ақ Сарқан жəне Ескелді аудандарында және Жетісу Алатау жотасының солтүстігінде тіркелген.

«AOПБ» филиалы – тұрғын үй секторларына, тау шаңғы базаларына, спорттық-сауықтыру орталықтарға және түрлі деңгейдегі әкімдіктерге хабарлама-ұсынымдар түрінде жыл сайын хабарландыруды жүзеге асырады. Көшкін қауіпті жерлерде ескерту қалқандары орнатылады, сондай-ақ «Абайлаңыз, қар көшкіні!» брошюралары таратылды. Тауларда сақ болыңыз!














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...