Тұрсынбек Қабатов, Айқын, Сәкен Майғазиев, Баян Алагөзова, Қарақат

0

Олар сайлауға отбасымен бірге барып, жанкүйерлерін де тарихи сәттен шет қалмауға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым — Sputnik. Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Оған актерлер, әншілер, музыканттар мен танымал тұлғалардың бәрі белсене қатысты.

МузАРТ тобының әншісі Сәкен Майғазиев сайлау учаскесінен бірнеше фото мен видео жариялаған.

Әлібек Дінішев Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетіндегі сайлау учаскесінде дауыс берді.

Қарақат Әбілдина: «Өмірде дұрыс таңдау жасай білу маңызды. Бүгін де өзіміз үшін, отбасымыз, отанымыз үшін ерекше маңызды сәт. Бүгінгі таңдауымыздың қайырлы, берекелі, дұрыс таңдау болуын жаратқан иеміз нәсіп еткей! Біздің бұл шешіміміз — баянды тұрақтылық пен тыныштықтың, жарқын және кемел болашақтың бастауы болғай!», — деп жазды.

Тұрсынбек те өзінің дауыс беру кезінде түскен суретімен бөлісті. Фотолардың бірінде жанында боксшы Данияр Елеусінов тұр. 

Продюсер, актриса Баян Алагөзова сайлауға бара жатқан жолда Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова ескерткішінің жанында түскен фотосын жариялаған.

Айқын өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында: «Мен болашақ президент халықпен диалог орнатады деп сенемін. Ел үшін маңызды шешім қабылдар алдында жұртпен санасады деп үміттенемін», — деді өз таңдауын жасаған Айқын.

Танымал блогер Әлішер Елікбаев та Алматыда дауыс берді.

Әнші әрі актриса  Аша Матай да өз таңдауын жасауға асыққандар қатарында.

Сайлауға ерекше киініп, бар сән-салтанатымен барғандар да кездесті. М.Өтемісұлы атындағы қазақ академиялық театрының актерлері сайлауға Қыз Жібек және Төлеген образында келген. 

Ал атышулы модель Динагүл Тасова дауыс бере алмағанын айтты. Оның сайлау учаскесі Испанияда екен.



sputniknews.kz