Түркістан облысында ер адамды атып тастады

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Полиция үш күдіктіні қолға түсірді. Олардың екеуі Шымкент қаласының, біреуі Түркістан облысының тұрғыны екені анықталды

ШЫМКЕНТ, 17 қыркүйек — Sputnik. Түркістан облысындағы Қазығұрт ауылында ер адамды атып кетті.

12 қыркүйек күні таңертең зардап шегуші орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Жігітке оқ тиіп, жарақат алған, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы.

Дәрігерлер жігіттің өмірін сақтап қала алмады.

«Оқиға Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша тіркелді», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Қылмысты тергеу үшін тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер куәгерлердің бәрінен жауап алып, қаза болған жігіт араласатын адамдарды анықтады.

Үш тәуліктен соң күдіктілер ұсталды. Олардың екеуі Шымкент қаласының, ал біреуі – Түркістан облысының тұрғыны екені анықталды. Күдіктілерден шолақ мылтық та табылды.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда көшенің қақ ортасында атыс болды

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр.



sputniknews.kz

Загрузка...