Түркияда рок тобын құрған имам жұмыстан шығарылды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Имам өзінің музыкаға әуестігін тоқтатпайтынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 8 июл — Sputnik. Түркияның бұрынғы имамы Ахмет Мухсин Тюзер Еуропаның адам құқығы жөніндегі сотына шағымдануды жоспарлап отыр. Анталья қаласының әкімшілік сотында имамның жұмысына қайта кірісуіне рұқсат бермеген, деп хабарлайды РИА Новости.

Ахмет Тюзерді Анталья провинциясындағы Каш қаласы мешітінің имамы қызметінен босатқан болатын. Ол мемлекеттік қызметке жарамсыз деп танылған.

Бұрынғы имам болса, өзін FiRock рок-тобын құрғаны үшін жұмыстан шығарды деп есептейді.

«Антальяның әкімшілік сотының жұмысыма қайта кірісуіме рұқсат бермеуі мені қатты қынжылтты. Алдағы уақытта Адам құқығы жөніндегі еуропалық сотқа шағымдануды жоспарлап отырмын», -деді ол.

Тюзер бұл істі жеңетініне сенімді. Ол музыканың арқасында жастардың жүрегіне жол тапқанын айтады.



sputniknews.kz