Тоқаевқа елорда әкімдігінің «креативі» ұнамай қалды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Нұр-Сұлтан қаласында мемлекет басшысының қатысуымен елорданы одан әрі дамыту жөніндегі жиын өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы одан әрі дамыту жөніндегі жиында шақырылған қонақтардың қалай отырғанына көңілі толмай қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгіновтің баяндамасынан кейін президент әкімдікке шақырылған шенеуніктердің ыңғайсыз отырғанын айтты.

«Қарап отырмын, жиынға келгендерді біртүрлі отырғызыпсыздар. Біз мында отырмыз, ал шақырылған қызметкерлер, қалалық мәслихаттың депутаттары бір-біріне қарап отыр. Бұл не қылған креатив? Жиналыс кезінде отырғызудың классикалық үлгісі бар емес пе?! Аудитория, шағын президиум. Орынсыз креатив. Адамдар бір-біріне қарап, ыңғайсыз отыр», – деп сынап тастады Тоқаев.


©
Sputnik / Айгюзель Кадир

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен елорданы одан әрі дамыту бойынша өтіп жатқан жиынға қатысушылар

Айта кетсек, Нұр-Сұлтан әкімдігінде астананы одан әрі дамыту мәселелері жөнінде жиын басталды. Мәжілісті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашты. Жиынға министрлер, облыс әкімдері, депутаттар шақырылған.



sputniknews.kz

Загрузка...