Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрды. Президенттің қаулысы Ақорда сайтында жарияланды.

Тоқаев президент әкімшілігіне бір айдың ішінде саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшыларымен, азаматтық сектор өкілдерімен кеңестің жұмысы жайлы талқылау өткізуді тапсырды.

Президент әкімшілігі талқылау қорытындысы бойынша Тоқаевтың қарауына кеңестің құрамы мен ережесін ұсынуы тиіс.

9 маусымдағы сайлауда 70,96 пайыз дауыспен жеңіске жеткен Тоқаев 12 маусымда инаугурация кезінде елде қоғамдық сенім кеңесін құрылатынын және оның алғашқы отырыс тамыз айында өтетінін айтқан. Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне барлық бірлестік өкілдері мен жастар енетінін мәлімдеген.

9 маусымда Қазақстан президенті сайлауы күні Алматыда жүздеген адам билікке қарсы наразылыққа шықты. Осы күні полиция Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбеде жүздеген адамды ұстаған. 10 маусымда да полиция Алматы мен Нұр-Сұлтанда жүздеген адамды ұстап әкетті.

Қазақстан билігі ұсталғандардың көбі «заңсыз митингіге шыққандар» деп санайды. Бұл елде тұрғындар кез келген бейбіт митинг ұйымдастыру үшін биліктен рұқсат алу керек.

Оқи отырыңыз: Күзет күшейіп, жүзден астам адам ұсталған күн

Қазақстан бас прокуратурасының хабарлауынша, Нұр-Сұлтан мен Алматыда «рұқсат етілмеген митингіге» қатысқаны үшін 957 адам әкімшілік жауапқа тартылған.

Құқық қорғаушылар билік ұсталғандар санын «тым азайтып көрсетті», ұсталғандардың әкімшілік жауапқа тартылғаны және қай жерде қамауда отырғаны туралы туыстарына хабарламады деп мәлімдеді.

Azattyq

Загрузка...