Тоқаев Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Бүкіл елді шулатқан оқиғадан кейін қалалық білім басқармасының басшысы, мектеп директоры, мектеп инспекторы және бірнеше мұғалім мен білім ошағының қызметкері жұмыстан кетті

НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша – Sputnik. Таразда болған сұмдық жағдайдан кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырды. 

Бұл туралы президент Twitter-парақшасында хабарлады. 

«Жамбыл облысының әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс әкіміне ескерту жасадым», – деп жазды Тоқаев. 

Қазіргі уақытта Тараз қаласының әкімі – Қайрат Досаев. Ол әр жылдары Жамбыл облысы Қордай және Шу аудандарының әкімі болды.



sputniknews.kz

Загрузка...