Тоқаев тағы бір мораторий жариялауы мүмкін

0
3

Саясат

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Жаңа мораторийдің қандай мемлекеттік қызметшілерге қатысы болмайтыны туралы жарлық жобасында жазылған

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті «Б» корпусының мемлекеттік лауазымдарына жұмысқа орналасуға мораторий жариялауы мүмкін. Жарлықтың жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурстарды жариялауға 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін мораторий енгізілсін», – делінген құжатта.

Еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік қызметшілердің штат санын 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап 5 пайызға қысқарту ұсынылып отыр.

Құжат 27 қаңтарға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылады.

Мораторийдің кімдерге қатысы жоқ

Мораторийдің жаңадан құрылатын және/немесе қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдарға қатысы болмайды деп болжанып отыр.

Мына мемлекеттік органдарда штат саны қысқартылмайды:

  • адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық;
  • ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары;
  • жоғары сот кеңесі;
  • конституциялық кеңес;
  • қорғаныс министрлігі;
  • парламент палаталарының аппараттары;
  • президент әкімшілігі;
  • президенттің іс басқармасы;
  • премьер-министрдің кеңсесі;
  • тұңғыш президент – Елбасының кеңсесі;
  • тұңғыш президенттің мұрағаты;
  • орталық сайлау комиссиясы.

Жарияланған мораторийлер

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялаған болатын.

Тоқаев жаңа мемлекеттік компаниялар құруға мораторий жариялады

Сондай-ақ мемлекет басшысы 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізуді тапсырды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз