Тоқаев ШЫҰ саммитінде сөз сөйлейді

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммиті аясында шағын және кеңейтілген құрамдағы жиындарға қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым — Sputnik. Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Қырғызстанның астанасына ұйымға мүше елдер мен бақылаушы мемлекеттердің көшбасшылары келген.

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммитінің аясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шағын және кеңейтілген құрамдағы жиындарға қатысатынын хабарлады.

«ШЫҰ кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті аймақтық және ұйым шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері бойынша сөз сөйлейді», — деп жазды ол фейсбуктегі парақшасында.

Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Айта кетсек, Тоқаев Бішкекке 13 маусымда барды. Мемлекет басшысы Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті. Жээнбеков Тоқаевты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, Қырғызстанға ресми сапармен келуге шақырды.


©
Официальный сайт Президента РК /

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті

Сондай-ақ Қазақстан президенті Ауғанстанның мемлекет басшысы Мохаммад Ашраф және Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті.



sputniknews.kz