Тоқаев Қырғызстан президентін құттықтады

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Саясат

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, олар екі елдің әртүрлі салалар бойынша стратегиялық серіктестігі мәселелерін талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековті туған күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Тоқаев Жээнбековке бауырлас Қырғызстан халқының игілігі жолындағы аса жауапты қызметіне табыс тіледі.

Мемлекеттер басшылары екі елдің әртүрлі салалар бойынша стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен перспективаларын одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады.

Әңгімелесу кезінде Қазақстан президентінің Қырғызстанға жоспарланған мемлекеттік сапары және жоғары мемлекетаралық кеңестің бесінші отырысына дайындық барысы қарастырылды.

Тағы оқыңыз: Атамбаевтың әйелінің интернетте тараған суреті желіде қызу талқыға түсті

Айта кетсек, Сооранбай Жээнбеков 1958 жылы 16 қарашада Ош облысындағы Қара-Құлжа ауылында дүниеге келген.

2017 жылы 15 қазанда өткен сайлауда 54,76% дауыс жинап, Қырғыз Республикасының президенті болып сайланды. Ресми түрде қызметіне 24 қарашада кірісті.



sputniknews.kz

Загрузка...