Тоқаев Қазақстан Қарулы күштерінің командасын құттықтады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстан құрамасы халықаралық армия ойындарына қатысқан 39 команда ішінде 3-орынға ие болды

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық армия ойындарында сәтті өнер көрсеткен Қазақстан Қарулы күштерінің командасын құттықтады.

«Сіздер жоғары кәсіби дайындық пен жауынгерлік шеберліктеріңізді көрсетіп, 39 команданың арасынан 3-ші орынға ие болдыңыздар. Игілікті істеріңізде жаңа жетістіктерге жете беріңіздер!– деп жазды мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

АрМИ-де қазақстандықтар сәтті өнер көрсетті

Қазақстандықтарды Мәскеу облысының «Алабино» полигонында марапаттады. «Патриот» саябағында V халықаралық армия ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Шараға Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қатысты,-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазақстандық әскерилер жеке есепте бірнеше мәрте үздік нәтиже көрсетті. Отандық Су-25 экипажы «шабуыл авиациясы» номинациясында бірінші орынды иеленді. Жеке шеберлік сынағында қазақстандық әскери медицина қызметкерлеріне тең келетіндер болмады.

Ең қызықты байқаудың бірі — «Танк биатлонында» қазақстандық команда үздік үштік қатарында болды.

Мерейтойлық халықаралық армия ойындары 3-17 тамыз аралығында өтті. Жарыс Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Үндістан, Иран, Қытай және Өзбекстан елдерінің 25 әскери полигонында өтті. Биыл 32 байқаудан тұратын сайысқа 39 елден 223 команда қатысты.



sputniknews.kz