Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімін Ақордаға шақырды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Көлгінов президенттің елорданы дамыту жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының орындалу барысы жайында баяндады

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 

Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының 2019 жылдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы есеп беріп, президенттің елорданы дамыту жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының орындалу барысы жайында баяндады.

Сонымен қатар қала әкімі мемлекет басшысына қаланы абаттандыру және жылыту маусымы жайында ақпарат берді.

Тағы оқыңыз: Көлгінов Тоқаевтың алдында маңызды мәселені көтерді

Президент әкімге жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасыларды қолдау, үлескерлердің мәселесін түбегейлі шешу және Нұр-Сұлтан қаласының инфрақұрылымдық дамуы бойынша берілген тапсырмаларды сапалы  және уақытылы орындау керектігін атап айтты.



sputniknews.kz