Тоқаев нан мен көмір бағасына қатысты мәселенің басын ашуды тапсырды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Президенттің тапсырмасы бойынша үкімет пен әкімдер бағаны реттеу бойынша шаралар қабылдап, делдалдарды анықтауы керек

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев нан мен көмір бағасын тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

«Әлеуметтік» нан бағасының өсуіне байланысты үкімет пен әкімдерге шұғыл шаралар қабылдап, субсидиялауды қарастыру тапсырылды. Көмір бойынша да осындай тапсырма берілді. Көмір компанияларымен келісіп, бағаны қолдан өсіріп отырған делдалдарға жол берілмеуі тиіс. Бақылауымда болады», – деп мәлімдеді президент Twitter-дегі парақшасында.  

Жуырда монополияға қарсы күресетін мамандар Ақмола және Павлодар облыстарының нан нарығына қатысушылары арасында баға келісу белгілерін анықтады. Мәселен, Павлодарда наубайханалар нан бағасын 110 теңгеге дейін көтерген, ал Ақтөбеде әлеуметтік нан 87 теңгеден сатылды.

Қазақстанда нан өнімдерінің бағасы көтерілгеннен кейін нан өндірушілер мен тауар өткізушілерге қатысты 20 рет ескерту жасалды, деп хабарлады экономика министрлігінің бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті.

Тағы оқыңыз: Президенттің баспасөз хатшысы Тоқаевтың Назарбаевқа қатысты жарлығын түсіндірді 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, жылу беру маусымына дайындық басталғаннан бері республика бойынша 23,5 миллион тонна көмір әкелінді.

Қазақстанның өңірлерінде көмір 9500-13200 теңге аралығында сатылып жатыр. Таяуда мәжіліс депутаты Павел Казанцев көмір делдалдар арқылы өткеннен кейін баға шарықтап кететінін айтты. Оның мәліметінше, көмір разрезінде бір тонна 3,5-5 мың теңге тұрады, ал тұтынушыларға 14-22 мың теңден сатып алуды ұсынады.



sputniknews.kz

Загрузка...