Тоқаев Мамин мен Назарбаеваны Ақордаға шақырды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Президент қазан айының ортасында өтетін үкіметтің кеңейтілген отырысына дайындық жұмыстарын бастауды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Мамин мен парламент сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мамин президентке әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелері, шетелдік инвестицияларды тарту барысы, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын іске асыру, өңірлерді дамыту жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Сондай-ақ, премьер-министр Тоқаевқа 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау жобасы жайында да ақпарат берді. Мемлекет басшысы Маминге қазан айының ортасында өтетін экономикалық даму мәселелеріне арналған үкіметтің кеңейтілген отырысына дайындық жұмыстарын бастауды тапсырды.

Тағы оқыңыз: Ресейлік дипломат Тоқаев қытай тілінің арқасында қандай ерлік жасағанын айтты

Ал Дариға Назарбаева президентке парламенттің жоғары палатасы жұмысының жай-жапсары мен заң шығару қызметінің жоспары туралы айтты. Президент жолдаудың негізгі бағыттарын сапалы заңнамамен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.



sputniknews.kz

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз