Тоқаев Германияға барады

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, екі елдің сыртқы саяси ведомстволары күн тәртібін талқылап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Қазақстан мен ГФР сыртқы істер министрліктері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға сапарының күн тәртібін әзірлеуге кірісті. Бұл туралы республиканың сыртқы саяси ведомствосының ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Оның айтуынша, 19 қарашада Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Германия сыртқы істер министрлігінің Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі уәкілетті өкілі Михаэль Зибертпен кездеседі.

Тағы оқыңыз: Тоқаевтың АҚШ-қа сапарының алғашқы күні қалай өтті – видео

Смадияров келіссөздердің күн тәртібіне мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға алдағы ресми сапары, Орталық Азия бойынша ЕО стратегиясын іске асыру, сондай-ақ өңірлік құрылымдар мен халықаралық ұйымдар аясында екі елдің өзара іс-қимылы кіретінін атап өтті.



sputniknews.kz

Загрузка...