Тоқаев барлық әкім мен мемлекеттік органның басшысына қатысты жарлыққа қол қойды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Саясат

Қысқа сілтеме алу

39 0 0

Конституция бойынша жаңа сайланған президент қызметіне кіріскен кезде үш қала мен облыстардың әкімдері, сондай-ақ мемлекет басшысына тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының өкілеттілігі тоқтатылады

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және облыстардың әкімдері, сондай-ақ президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары жаңа тағайындауларға дейін өз міндеттерін атқара береді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды. 

Конституцияның 87-бабының 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған президент қызметіне кіріскен кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және облыс әкімдерінің өкілеттілігі тоқтатылады. 

«Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын», – делінген жарлықта.

Сонымен қатар, Тоқаев өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшыларына қатысты да осындай  жарлыққа қол қойды.

Тағы оқыңыз: Сайлаудан соң үкімет отставкаға кете ме – Тоқаев жауап берді

«Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары тиісті басшылар тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын», – делінген президенттің жарлығында. 

Жарлықтар қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.



sputniknews.kz

Загрузка...