Тоқаев ауған халқына көңіл айтты

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Алдын ала мәлімет бойынша, Газнидегі лаңкестік шабуыл салдарынан 12 адам қаза болып, 179-ы жарақат алды

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы әріптесі Ашраф Ғани Ахмадзайға Газни қаласында жасалған лаңкестік әрекетке байланысты көңіл айтты. Төтенше жағдай салдарынан ондаған адам қаза тауып, жарақат алды.

«Ауғанстан президенті Ғани мырзаға және ауған халқына көптеген адамның өмірін қиған Газни қаласындағы лаңкестік әрекетке байланысты көңіл айтамын», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі аккаунтында.

​Жарылғыш заттарға толтырылған автокөлік жексенбі күні Газни қаласы қауіпсіздік бөлімі ғимаратының жанында жарылды. Салдарынан 12 адам қаза болды, тағы 179 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің көпшілігі бейбіт тұрғындар, олардың 36-ы – бала.

Жарылысты «Талибан»* радикал қозғалысының содырлары өз мойнына алды, деп хабарлады РИА Новости.

Ауған президенті Ашраф Ғанидың баспасөз хатшысы Садик Садикки тәлібтердің шабуылын айыптап, оны теракт деп атады.

«Талибан» * – Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым.



sputniknews.kz

Загрузка...