Тоқаев 20 желтоқсанда алқалы жиын өткізеді 

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев Ұлттық кеңестің отырысы қашан өтетінін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. 20 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтеді.

«Жоспар бойынша ол жиырмасында мемлекет басшысының қатысуымен өтуі тиіс», — деді Sputnik Қазақстанға президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев Тоқаевтың жолдауына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияның кулуарында.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі – Қазақстан президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Оның ережесі мен құрамын Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың шілдесінде бекітті.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда зейнет жасын төмендету ұсынылды

Ұлттық кеңестің қыркүйек айында өткен алғашқы отырысында спикерлер зейнетке шығу жасын қайта қарауды, өлім жазасын жаза ретінде алып тастауды, сайлау заңнамасын реформалауды және мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы заң қабылдауды ұсынды.

Ұлттық кеңес мүшелері үш топқа бөлінді: экономика, саяси модернизация және әлеуметтік-мәдени мәселелер жөніндегі жұмыс тобы. Ұлттық кеңестің төрағасы – Қазақстан президенті.  



sputniknews.kz