Токио Олимпиада 2020: қазақстандық спортшылардан кім барады

0

Қазақстан 2020 жылы Жапония астанасында өтетін жазғы ойындарда Олимпиада медалі бар спортшылардан үміт күтеді

Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Токио Олимпиадасында бақ сынайтын қазақстандық спортшыларды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, Қазақстан жазғы Олимпиада ойындарына 100-ге тарта лицензия жеңіп алуды көздеп отыр.

«Рио Олимпиадасына 104 лизенция алған едік, осы жолы да сол шамада  болады деген жоспар бар. 100-ге тарта болуы керек. Келесі жылы лицензиялық сайыстар басталады», — деді Сәпиев.

Қазақстан өткен Олимпиада ойындарынан жүлдемен оралған спортшылардан үміт күтеді. Қазірдің өзінде жеңіл атлет Ольга Рыпакова мен жүзгіш Дмитрий Баландиннің жазғы ойындарға жолдамасы бар.

Тағы оқыңыз: Карьерасын аяқтаған танымал қазақстандық спортшылар қазір қайда жүр?

Сәпиев үміт күтетін басқа да спортшылар арасында Василий Левит, Нұрислам Санаев, Мейрамбек Айнағұлов, Ришат Хайбуллин, Абылайхан Жүсіпов, Қамшыбек Қоңқабаев, Бекзат Нұрдәулетов, Қайрат Ералиев бар.

Атап өтсек, XXXII жазғы Олимпиада ойындары 2020 жылы 24 шілде мен 9 тамыз аралығында Жапония астанасында өтеді.

sputniknews.kz