Тимур Құлыбаев қызметінен кетті

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Спорт

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Кеңес Рақышев Қазақстанның бокс федерациясының президенті болып сайланды. Бұған дейін ол вице-президент болды

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан – Sputnik. Қазақстанның бокс федерациясы Тимур Құлыбаевтың басшылық қызметтен кеткені туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Федерацияның экс-басшысы өз өкілеттілігін тапсыратынын жыл сайынғы конференцияда жариялады. Тимур Асқарұлы бұл шешімнің себебін де түсіндірді.

«Менің Ұлттық олимпиада комитетінің президенті лауазымына қайта сайланғанымды жақсы білесіздер. Бұл – үлкен сенім. Спорт туралы заңға енгізілген өзгерістерден кейін ҰОК олимпиадалық спорт түрлері арасында бюджет қаражатын таратумен айналысады. Осы жұмыс бір жыл бойы атқарылып келеді. Енді, мүдделер қайшылығы болмас үшін мен Қазақстанның бокс федерациясының президенті өкілеттіліктерін тапсыруға шешім қабылдадым», – деді Құлыбаев.

Ол Ұлттық олимпиада комитетінің президенті ретінде спортты дамыту шараларына бақылау жасайтынын атап өтті.  

Конференция кезінде ұйымның басшылығына танымал кәсіпкер Кеңес Рақышев сайланды. Бұған дейін ол федерацияның вице-президенті қызметін атқарып келді. Ал Тимур Құлыбаевқа отандық боксты дамытқаны үшін федерацияның құрметті президенті атағы табысталды.

Тағы оқыңыз: Светлана Жақыпова қызметінен босатылды

Оның айтуынша, 10 жылдың ішінде біраз шаруа атқарылды. Атап айтқанда, 2 Олимпиада чемпионы және 11 әлем чемпионы шықты. Қазақстандық боксшылар Вэл Баркер кубогын иеленді.



sputniknews.kz

Загрузка...