Теміржол билетін сатып алу және қайтару тәртібі өзгерді

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Тамыз айынан бастап жолаушылар тасымалы туралы ережеге бірқатар өзгеріс енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. Биыл 28 тамыздан бастап жолаушылар тасымалы туралы ережеге енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Соның аясында пойыз билеттерін сатып алу жән қайтару тәртібі өзгерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Жолаушылар тасамалы» компаниясының атқарушы директоры Едіге Мыхановтың айтуынша, енді заңды тұлғаның атынан бір топ жолаушының тапсырысын электронды-цифрлық қолтаңба арқылы орындауға болады.

Алайда ол тапсырыс бұрынғадай бір бланкпен рәсімделмейді. Әрбір жолаушыға жеке-жеке билет жасалады. Сондай-ақ, бастапқы тапсырысты өзгерту бойынша шектеу енгізіледі. Мұндай топтық тапсырысты қайтару және өзгерту үшін 30 проценттік депозит ұсталмақ. Бұған дейін резерв жасағаны үшін небәрі 290 теңге алынатын.

Тағы оқыңыз: Пойызда темекі шегуге тыйым салынады: тәртіп бұзушы қалай жазаланады?

«Енді барлық топтағы мүгедек азаматтар әлеуметтік маңызы бар бағыттарға билет алса, 50 проценттік жеңілдікке ие болады. Бұрын ондай жеңілдік I топтағы мүгедектерге ғана берілген. Ал 28 тамыздан бастап II және III топтағы мүгедектер де билеттің жарты бағасын төлейтін болады. Коммерциялық бағыттар бойынша жеңілдік беруді тасымалдаушылардың өздері шешеді. Оған көбінесе «Тальго» пойыздары жатады. Қалған бағыттарға 50 проценттік жеңілдік жүреді», – деді Мыханов.

Бұдан бөлек, теміржол билетін қайтарғаны үшін 1000 теңге комиссия ұстамайтын болады. Алайда бұрынғы тарифтер сақталады, яғни билет бір тәулік бұрын қайтарылса, толық ақшасы беріледі. Бір тәуліктен аз уақыт қалған жағдайда плацкарттың құны ұсталады.



sputniknews.kz

Загрузка...