Танымал қазақстандық журналист қайтыс болды / NaN.NaN.

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Сергей Степановпен қоштасу сейсенбі, 10 желтоқсанда Алматы қаласының орталық клиникалық ауруханасында өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда танымал журналист Сергей Степанов қайтыс болды. Ақпаратты Sputnik Қазақстанға «Комсомольская правда в Казахстане» газетінің бас редакторы Виктор Кияница растады.

«Ол (Сергей Степанов – Sputnik) кеше, шамамен Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16.00-де қайтыс болды. Ол кенеттен 64 жасында дүниеден өтті. Сенбіде инсульт алған, жексенбіде қайтыс болды», – деді Виктор Кияница Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Оның айтуынша, журналистпен қоштасу сейсенбі, 10 желтоқсанда Алматыда, сағат 10.30-да Алматы қаласының орталық клиникалық ауруханасында өтеді.

Журналист Алматыдағы «Бағанашыл» зиратына жерленеді. Ата-анасы сонда жатыр.

Сергей Степанов туралы не білеміз

Сергей Степанов әр жылдары «Ленинская смена», «Казахстанская правда», «Караван – Блиц» басылымдарында жұмыс істеді, ал соңғы жылдары «Аргументы и факты. Казахстан» газетін басқарды.

 



sputniknews.kz

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз