Танымал әнші өзінің қауіпті дертке шалдыққанын айтты

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Науқастың тері, сүйек, қан тамырларының дәнекер ұлпалары зақымдалады. Көп жағдайда бұл сырқатқа шалдыққандардың терісі өте жұқа болады

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Австралиялық әнші Sia неврологиялық сырқатқа шалдыққаны туралы алғаш рет айтты. Ол өзінің Twitter-дегі ресми парақшасында жазба жариялады.

Sia Элерс-Данлос синдромымен сырқаттанғанын айтқан. Бұл созылмалы дерт кезінде науқас қатты ауырады. Әнші мұның бәрәне өзі куә болған. Ол өзінің жазбасының көмегімен осындай ауруға шалдыққандарға қолдау көрсеткен.

«Мен сіздерді жақсы көремін. Бекем болыңыздар. Өмір қиын. Сырқат өмір сүруге деген ынтамызды түсіреді. Бірақ сіздер жалғыз емессіздер», – деп жазды әртіс.

2014 жылы әншінің Chandelier атты туындысы «Грэммидің» төрт номинациясына ие болған еді.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық әнші 2 жыл бойы елдің бетіне неге қарай алмағанын айтты

Элерс-Данлос синдромы – тұқым қуалайтын ауру. Науқастың тері, сүйек, қан тамырларының дәнекер ұлпалары зақымдалады. Көп жағдайда бұл сырқатқа шалдыққандардың терісі өте жұқа. Денесі көгеріп, тыртықтар пайда болады. Аурудың бірнеше түрі бар. Классикалық түрі кезінде науқаста жара жиі пайда болып, үнемі ұлғайып отырады.



sputniknews.kz

Загрузка...