тамақты дұрыс ішпеудің қаупі жарияланды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Америкалық университет жүргізген зерттеуге 112 әйел қатысқан, олардың орташа жасы 33 шамасында болды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша — Sputnik. Кешкі асты кеш ішетін әйелдер жүрек ауруларына шалдығуы мүмкін, деп хабарлайды MedicalXpress америкалық кардиолог Эвелин Грейверге сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, адамның ағзасы кешкі тамақтағы нәрлі заттарды қорыта алмайды.

«Кешке ішкен тамақты біздің ағзамыз қорыта алмайды. Адамдар бұл уақытта аз қимылдайды, сондықтан калория жұмсалмайды. Бұдан бөлек, кешкі және түнгі уақытта зат алмасу нашар жұмыс істейді», – деп атап өтті Грейвер.

Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университеті жүргізген зерттеу қорытындысы кеш тамақ ішетін әйелдердің жүрек ауруларына шалдығуы мүмкін екенін көрсетті. Зерттеуге 112 әйел қатысқан, олардың орташа жасы 33 шамасында. Олар жеген тамағы туралы ақпаратты бір жыл бойы жіберіп отырған.

Зерттеуге қатысқандардың көпшілігі кешкі алтыдан кейін тамақ ішкен, олардың денсаулығы сағат алтыға дейін ауқаттанатын әйелдерден гөрі нашар екені анықталды. Жүрек ауруларына шалдығу қаупі бар топқа кірген әйелдердің қан қысымы мен салмағы жоғары және қандағы қанттың реттелуі әлсіз болды.

Тағы оқыңыз: Әйелдерге қандай ер адамдар ұнайды – ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады



sputniknews.kz

Загрузка...