талибтерге қарсы соғыс жарияланды / NaN.NaN.

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ауғанстан билігі елдің солтүстігінде талибтерге және басқа содыр-исламшыларға қарсы ірі әскери операция басталғаны туралы жария етті. Әскери шолушы Александр Хроленко тұрақсыздық Орталық Азиямен шектес елдерге қалай қауіп төндіретінін анықтады

Қысқы уақытта Ауғанстанда шекаралас солтүстік провинциялардағы әскери әрекеттер талибтер әлеуеті мен белсенділігінің біршама өсімін, үкіметтік әскерлер мен қауіпсіздік күштерінің батылдығын білдіреді.

Ауғанстан бірінші вице-президенті генерал Абдул Рашид Дустум елдің солтүстігінде талибтерге және басқа содыр-исламшыларға қарсы ірі әскери операция басталғаны туралы жария етті. Тұрақсыздық Орталық Азиямен шектес елдерге, Әмудария мен Пянджа шекарасынан кейін де қауіп төндіріп тұр.

Бесінші желтоқсанда ауған әскерлері Ресей Федерациясында тыйым салынған «Талибан» қозғалысы содырларының ауқымды шабуылын тоқтатты. Бұл шабуыл Тәжікстанмен шекаралас солтүстік-шығыс Кундуз провинциясының Дашт-и-Арчи уезінде жасалды.

«Талибан»* кезекті рет ауған-тәжік шекарасының учаскелерін бақылауға алуға тырысты. Содырлар тактикасы жетіліп жатыр, ал әрекеттері одан әрі ұйымдастырылған болып отыр.

Тағы оқыңыз: Ресей НАТО-ға қауіп төндіре ме – сарапшы жауабы

Мәселен, талибтер Дашт-и-Арчи шекаралас уезіне Хан-Абад, Кундуз уездерінің территориясынан және көшілес Тахар провинциясы жақтан бір уақытта шабуылдады. Содырлар ауған қауіпсіздік күштерінен қарсылық көрген соң кері қайтып, қайта топталып, шабуылдарды жаңартты.

28 талиб пен пулеметке толы төрт пикап жойылды.

Бұған қоса, 5 желтоқсанға қараған түні Ауғанстан Ислам Республикасының күштік құрылымдары Кундуз қала сыртындағы бірнеше елді мекенді «тазалап», 28 экстремист пен төрт автотехниканың көзі жойды. Ауған әскери-әуе күштері операциясы барысында Урузган провинциясында 11 содыр жойылды.

2018 – 2019 жылдары ауған үкіметі мен талибтердің саяси келісімге келуге тырысуы сәтсіз болды. Және де егер Кабул бейбіт келісімге дейін талибтерді «орнына қоймаса», елде билік үшін қаруланған, қантөгіс күрестің жаңа толқындарын болжау қиын емес.

Алдын алу шаралары

2019 жылы Тәжікстан Ауғанстанмен көрші болу салдарынан Ғаламдық лаңкестік индексінде өз позициясын нашарлатты. Тәжікстан және Ауғанстанның жалпы шекарасы 1344 шақырымды құрайды.

Дегенмен де, Душанбе күрделі геосаяси жағдайларда соңғы жылдары тәжік-ауған шекарасын біршама нығайта алғанын мойындау керек. Бұған қоса, ұлттық әскерін ҰҚШҰ ресурстарын пайдалана отырып және өз күшімен күшейте алды.

Ауғанстан үкіметтік күштерінің талибтермен және басқа лаңкестермен қарулы және дипломатиялық күресінің нәтижесіне қарамастан Орталық Азиямен шекаралас елдер мен Ресей сақадай сай және оңтүстіктен келген кез келген басқыншыға «жауап беруге» дайын.

Талибан*, ИГ* –  Қазақстан, Ресей мен басқа елдерде тыйым салынған лаңкестік ұйымдар



sputniknews.kz

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз