Таиландта үйлену тойынан кейін күтпеген жағдай болды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Таиланд тұрғыны наурыз айында 50 жастағы ер адаммен танысқан. Ол Гонконгтағы ірі компанияның бас директоры екенін айтып алдаған

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Таиланда өзінің бай екенін айтып, қымбат той жасаған күйеу жігіт жоғалып кетті. Қалыңдық қарызға батты, деп хабарлайды Bangkok Post.

Басылымның ақпаратына сәйкес, Да есімді 30 жастағы Таиланд тұрғыны наурыз айында 50 жастағы ер адаммен танысқан. Ол Гонконгтағы ірі компанияның бас директоры екенін айтқан. Бірден қызға ұсыныс жасаған.

Мамыр айында жұп үйлену тойын өткізді. Тойдан кейін күйеу жігіт шұғыл шаруамен Гонконгқа кететінін айтыпты. Сол кеткеннен оралмады.

Тағы оқыңыз: Қалыңдық гүлін қағып алған қыздың жігіті жұрттың ішек-сілесін қатырды – видео

Қалыңдықтың анасының айтуынша, тойға үш миллион бат (шамамен 38 млн теңге) жұмсалған. Алайда той ұйымдастырушылары 300 мың бат (үш миллион теңгеге жуық) қаражат жұмсалғанын айтты.

Алданған қалыңдыққа той өткен қонақүй қарызды бөліп төлеуді ұсынды. Ал той ұйымдастырушы сотқа берген. Жолы болмаған қалыңдық заңгерлердің көмегіне жүгініп, ажырасуға арыз берді.



sputniknews.kz

Загрузка...