тағы бір бала ауруханада көз жұмды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Зардап шеккен ұл ауруханаға түскенде комада болған, деп хабарлады дәрігерлер. Ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған болатын

ҚЫЗЫЛОРДА, 22 қараша — Sputnik. Жан түршігерлік жол апаты салдарынан қаза тапқандар саны артты. Он жастағы бала комадан шықпай көз жұмды.

Ұлдың жарақаттары аса ауыр болған, деп ақпарат берді Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы.

«Бала көп жарақат алған. Ол бас-ми ауыр жарақатын алып, оң жақ жамбасы мен сол жақ аяғы сынған. Ұл ауруханаға түскенде комада болған және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған болатын», – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Қалалық ауруханаға қайтыс болған баланың анасы да түскен. Ол да жол апаты кезінде автобус аялдамасында болып, түрлі жарақат алған.

Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің халі тұрақты, бірақ әзірге ауыр. Келіншектің аяқтары бірнеше жерден сынған. Дәрігерлер оған келесі аптада ота жасамақ.

Тағы оқыңыз: Қызылордадағы жол апаты: аялдамада тұрған бір үйдің екі баласы қаза болды



sputniknews.kz

Загрузка...