Сыртқы істер министрлігі Қытайдағы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Министрлік ел үкіметі вирусты Қазақстан аумағына кіргізбеу бойынша барлық қажетті шараны қабылдап жатқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Қытай аумағында таралып жатқан коронавирустың жаңа түрін жұқтырған пациенттердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Мәселені ушықтырмауды сұраймыз, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.  

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары Қытайдың ондаған қаласында тұрып жатыр.

«Олардың көбісі түрлі себеппен консулдық есепке тұрмайды. Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Бейжіңдегі елшілігі арқылы Қытай аумағындағы Қазақстан азаматтарының нақты санын анықтап жатыр», – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, Қазақстан ғана емес, әлемнің басқа да елдері өз азаматтарын эвакуациялау мүмкіндіктерін қарастыруда.

Ухань қаласында карантин жариялануына байланысты қоғамдық көлік, сондай-ақ халықаралық автобус, теміржол және әуе қатынастары тоқтатылған.

«Болған жағдай айналасында мәселені ушықтырмауды сұраймыз. Ел үкіметі вирусты Қазақстан аумағына кіргізбеу бойынша барлық қажетті шараны қабылдап жатыр», – деп атап өтті сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің ақпаратына сәйкес, 2020 жылдың 27 қаңтарындағы жағдай бойынша, ҚХР аумағында таралып жатқан коронавирустың жаңа түрін жұқтырған пациенттердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Ведомство Қытайдың денсаулық сақтау органдары да вирус елдерге басқа таралмауы үшін қажетті шараларды қабылдап жатқанын атап өтті.

Үкіметте өткен кеңесте эпидемиологиялық қауіп-қатер жойылғанға дейін біздің азаматтарымыздың Қытайға баруын шектеу туралы ұсыным берілді.

Сонымен қатар, сыртқы істер министрлігі карантинге жабылмаған қалалардағы азаматтарға отанына оралу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Қытайдағы коронавирус

Қытайда 2019 жылдың желтоқсанынан бастап белгісіз коронавирустың таралуына байланысты ел билігі Хубэй провинциясындағы он қаланы «жауып» тастады.

Бірінші болып Ухань қаласы «жабылды». Себебі қауіпті індет 11 миллионнан астам тұрғыны бар осы қаладан тараған болатын.

«Қорқынышты»: Қазақстан студенттері Уханьда не боп жатқанын айтты – видео

Карантин жарияланған қалалар арасында Чиби (534 мың адам), Эчжоу (1,08 миллион адам), Хуанган (7,5 миллион адам), Сяньтао (1,6 миллион адам), Чжицзян (550 мың адам), Цяньцзян (963 мың адам), Хуанши (2,7 миллион адам), Эньши (809 мың адам) мен Сяньнин (2,5 миллион адам) бар.

Бүгінгі жағдай бойынша, Қытайда коронавирустан 80 адам көз жұмған. Бұған қоса, бұл ауру басқа елдерге де тарай бастаған. 

 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз