«Сыйлыққа ат мінген» полиция басшысы қатаң жазаланады

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің ішкі істер министрлігіне «сыйлыққа жылқы алған» Атырау облысы полиция департаменті басшысы Аян Дүйсембаевтың әрекетін тексеруді тапсырды.

Тоқаев Twitter парақшасында Дүйсембаевтың әрекетін сынап, ол қатаң жазаланатынын айтты.

Бұған дейін интернетте Атырау облысы полиция департаменті басшысы Аян Дүйсембаевқа ұқсайтын адамға бір топ жұрт қошеметпен жылқы мінгізіп жатқан видео тараған. Ішкі істер министрлігі бұл видеодағы адам Аян Дүйсембаев екенін айтып, оның үстінен қызметтік тексеріс басталғанын хабарлаған.

Оқи отырыңыз: «Банда» видеосынан кейін реформа талабы қайта күшейді

6 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда Аян Дүйсембаевқа генерал-майон шенін тапсырған.

Azattyq

Загрузка...