Супермаркеттегі жаппай төбелестің видеосы жарияланды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Супермаркеттің әкімшісі тауардың ақысын төлегісі келмеген адамды тоқтатқан

НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. РЕН ТВ телеарнасы Мәскеу супермаркетіндегі жаппай төбелестің видеосын жариялады. 

Роликте келушілердің дүкен қызметкерін еденге жығып, ұрып-соға бастағаны көрінеді. Жігітке көмекке ұмтылған әріптестері де таяқ жейді.

Тағы оқыңыз: Алматының базарында саудагерлер жаппай төбелесті – видео  

Телеарнаның мәліметінше, оқиғадан бірнеше сағат бұрын супермаркеттің әкімшісі тауарды ақысын төлемей алып кетпек болған адамды тоқтатқан.

Жәбірленушілердің бірі кім мықтыны анықтауға пышақ және таяқ ұстаған он шақты адам келгенін айтты.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.  

 



sputniknews.kz

Загрузка...