Сұлулық байқауына қатысқан ару трактордың астына түсіп көз жұмды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Бойжеткен құрбысымен бірге велосипед теуіп, серуендеп жүрген

НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр – Sputnik. «Франция аруы» сұлулық байқауына қатысқан Морган Роллан жол апатынан қаза болды.

Қайғылы оқиға өткен жұмада Луара аймағында болған, деп хабарлайды DailyMail.

«Луара аруы-2017» сұлулық байқауында екінші орын алған 22 жастағы бойжеткен құрбысымен бірге велосипед теуіп жүрген. Кенеттен жолға автокөлік шығып кетеді. Көлікпен соқтығысып қалмау үшін бұрылып үлгерген Роллан сол маңнан өтіп бара жатқан трактордың астына түскен.

Олимпиада чемпионы тікелей эфирде есінен танып құлады – видео

Оқиға орнына бірінші болып өрт сөндірушілер жетіпті. 22 жастағы ару тікұшақпен ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.



sputniknews.kz