Сот Қырғызстанның бұрынғы бас прокурорын қамауда қалдырды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

12 маусымда Бішкек қалалық соты елдің бұрынғы бас прокуроры Аида Салянованың қамаудан босату өтінішін қанағаттандырмады. Салянова өзін 26 маусымға дейін тұтқында ұстау туралы аудандық сот шығарған шешіммен келіспей аппеляциялық шағым түсірген еді.

Салянованың әпкесі Чинара Турдалиеваның айтуынша, сіңілісін жақтаушылар президент Сооронбай Жээнбековке үндеуге қол жинап жатқанын айтты.

5 маусым күні Бішкектің Первомай аудандық соты бұрынғы бас прокурор Аида Салянованы 26 маусымға дейін қамауды ұстау туралы қаулы шығарған. Айыпталушының адвокаты Рабиға Сыдыкова соттан Салянованың кәмелетке толмаған екі баласы барын ескеріп, қамаудан босатуды, бұлтартпас шарасын қолдануды сұраған.

Адвокаттың сөзінше, қорғауындағы Саляноваға жемқорлық айыбы тағылған.

Сот Аида Салянованы 3 маусымда қамауға алға. Ол қылмыс әлемінің атышулы өкілі Азиз Батукаевты түрмеден заңсыз босату туралы тергеуге кіргеннен кейін қайта шықпаған. Соның алдында тергеушілер Аида Салянованы бұрынғы әскери прокурор Майрамбек Акматалиев пен бас прокурордың орынбасары Людмила Усмановамен беттестірген.

«Қару-жарақ пен есірткі сақтады», «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» деген айыптармен 16 жылға сотталған Батукаевты 2013 жылы Нарын қалалық соты мерзімінен бұрын қамаудан босатқан. Сот Батукаевтың жазылмас дертке (лейкоз) шалдыққаны айтылған медициналық анықтама негізінде шешім шығарған еді.

Бұл іс бойынша тергеу кезінде 2019 жылы Қырғызстанда бірқатар жоғары лауазымды шенеунік, соның ішінде премьер-министрдің бұрынғы орынбасары Шәміл Атаханов қамауға алынған.

Azattyq

Загрузка...