«Сирияға кетіп қалмаңыздар»: Арман Қуанышбаев еліміздегі танымал имамның сеніміне күмәнмен қарайтынын айтты – Қазақстан жаңалықтары

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Еліміздегі танымал имам Арман Қуанышбаев алматылық әріптесі, құран тәпсіршісі Ерлан Ақатаевтың сеніміне күмәнмен қарайтынын айтты. Кентаудағы медресе басшысы Ақатаевтың уағыздарын тыңдап жүріп бір күні Сирияға мылтық арқалап кетіп қалмайық, дейді имам.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақтың маңдайалды жұлдыздарынан бастап жұрт уағыздарын сүйсіне тыңдап жүрген Ерлан Ақатаев Алматыдағы мешіттердің бірінде аптасына екі рет уағыз айтады. Ақатаев та, Арман Қуанышбаев та мүфтияттың ғалымдары. Алайда Қуанышбаев әріптесінің сеніміне күмәнмен қарайтынын айтып қалған.

«Ертең Дарын сияқты алданып қалмаңыздар.Күшті-күшті жылататын сөздер айтып, ертең Сирияға мылтық арқалап кетіп қалмаңыздар», – дейді Қуанышбаев желіде тараған видеода.

Осы видеодан кейін дінде жүрген азаматтар Ақатаевтың сеніміне қатысты алаңдаушылық білдірге бастаған.

Ал мүфтияттағылар Ерлан Ақатаевтың теріс көзқараста еместігін, мүфтияттың сынағынан өткен, исламның құндылықтарын насихаттап жүрген дін қызметкері екенін айтты.

«Ерлан Ақатаев болсын, Арман Қуанышбаев болсын, екеуі де діни басқарманың бұйрығымен діни басқарманың аясында жұмыс істеп жатқандықтан, екеуінің де уағызын тыңдауға болады деп айта аламыз. Яғни екеуінің көзқарасы, сенімі, нанымы діни басқарманың ұстанымына сай келгендіктен, бөліп-жара қарай алмаймыз. Екеуінікі де дұрыс деп айта аламыз», – дейді ҚМДБ-ның насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы.

Сонымен қатар діни басқармадағылар алдағы уақытта екі имамды кездестіріп, талас тудырған мәселенің талқыланатынын жеткізді.

stan.kz

Загрузка...