Сібір театры алғаш рет Қазақстанда өнер көрсетпек

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Красноярск мемлекеттік опера және балет театры үздік спектакльдерін астанадағы театр сахнасында қояды

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша — Sputnik. Елорда тұрғындары қараша айының соңында Д.Хворостовский атындағы Красноярск мемлекеттік опера және балет театры әртістерінің өнерін тамашалай алады. Ұжым «Астана Операда» спектакль қояды.


©
Photo : пресс-служба театра «Астана Опера»

А.Бородиннің «Князь Игорь» операсы

29 қараша күні Үлкен зал сахнасында шығармашылық ұжым А.Бородиннің «Князь Игорь» операсын сахналайды. Бұл Красноярск опера және балет театры үшін айрықша спектакль. Дәл осы операның премьерасымен бірінші театр маусымы ашылып, өнер ордасының тарихы басталған еді.


©
Photo : пресс-служба театра «Астана Опера»

«Князь Игорь» операсы Красноярск опера және балет театры үшін ерекше спектакль

1 желтоқсанда елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына атақты хореограф Ю.Григоровичтің қойылымындағы А.Глазуновтың «Раймонда» балеті ұсынылады.  Оның сюжеті жорықтан сүйіктісін күткен қыз туралы рыцарлық аңызға негізделген. Көрінісі әрі орындалуы жағынан күрделі қойылымдардың бірінде хореограф классикалық би қимылдары арқылы испан-араб және венгр сарындарын балет туындысында шебер жандандыра отырып, классикалық би қозғалысымен орта ғасырлық кезеңді суреттейді.


©
Photo : пресс-служба театра «Астана Опера»

Ю.Григоровичтің қойылымындағы А.Глазуновтың «Раймонда» балеті

Еске салар болсақ, жақында ғана «Астана Опера» ұжымы Д.Хворостовский атындағы бірінші халықаралық фестивальде орасан зор жетістікпен өнер көрсетті. 23 және 25 қазан күндері Красноярск опера және балет театрында қазақстандық әртістер П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсын ұсынса, 24 қазанда өлкелік филармония сахнасында көрерменге ұлттық және батыс еуропалық классика туындыларынан симфониялық бағдарламаны тарту етті.



sputniknews.kz

Загрузка...