Шымкенттің атақты он тумасы: №1 хитмен, саясаткерлер және Қазақстанды әлемге танытып жүрген спортшылар – Қазақстан жаңалықтары

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Шырайлы Шымкенттен шығып еліміздің атын әлемге танытып жүрген танымал адамдар қаншама. Stan.kz тілшісі шымкенттен шығып, талайға таңдай қаққызған танымалдардың тізімін назарларыңызға ұсынады. Бірден ескере кетейік, бір тізімге оңтүстік өңірден шыққан талай дүлділді сыйдыру мүмкін емес. 

шымкент

Пысықтығы мен еңбекқорлығы арқылы танылған «зың» қаланың зың жұлдыздарының тізімі: 

Павел Прилучный 

Ресейлік танымал кино және театр актері Павел Прилучный Шымкентте туылған. Ресейлік жарық жұлдыздың жастық шағы Шым қаланың көшелерінде өткен. 13 жасында әкесі қайтыс болған соң, еш ойланбастан Мәскеуге тартып отырған. Үлкен қалада жан бағу оңайлыққа түспей, алғашында қара жұмысқа жегіліп жүрген. Алайда актер боламын, таныламын деген Павел алған бетінен қайтпай, оқу оқып, киноларға шақырту ала бастаған.  «Мажор», «Закрытая школа», «На игре», т.б. көптеген фильмдерден кейін танымал бола бастаған. Қазіргі таңда бір ұл, бір қыздың әкесі Павелдің жан-жақты әрі талантты болып қалыптасуына туған жерінің әсері тимей қоймайды.

шымкентЛинда 

Трип-рок стилінде танымал болған ресейлік рок-жұлдыз Кентауда туған. 1941 жылғы соғыс кезінде әжесі баларымен қазақ жеріне қоныс аударады. Сол балалардан ұрпақ тарап, 1977 жылы оңтүстік шаһарда Линда туылады.

Екінші сынып оқып жүргенде Самара облысына көшіп кетеді. Сонда оқып, білім алып, әншілік жолдың еркеше жанры рокты таңдаған ол алып державаны өзіне бағындырады. «Игра с огнём», «Марихуана», «Круг от руки», т.б. танымал әндердің орындаушысы өз кәсіби мансабында 3 миллионнан аса альбом сатып үлгерген.

шымкент

Назима Джанибекова

Ресей жерінде атойлап жүрген нағыз талантты ару Назима Джанибекова – Шымкенттің тумасы. Өз жерінде өнері тұншыққан ару ресейлік ТНТ каналының «Песни» шоуына қатысып, жұлдызын жақты. Өрімдей қыздың өнеріне атақты Тимати тәнті болып,  Баста, Егор Крид сынды ресейлік мега жұлдыздар қол соқты. 

Оның әндері мен бейнебаяндары желілерде топ жарып, миллиондап көрілім жинайды. 

шымкент

Нұржамал Үсенбева 

Қазақстан мен Татарстанның халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, төрт баланың анасы, опера әншісі Нұржамал Үсенбаева Арыс қаласынан түлеп ұшқан. Қазақстанның атын әлемге паш етіп жүрген  бұлбұл әнші еліміздің құрметті азаматшасы. Оның ең танымал образдарының бірі «Қыз жібек» операсындағы Жібек бейнесі.

Өмірзақ Шөкеев 

Түркістанда туып, Түркістан облысына әкім болған Шөкеевте арман жоқ. Жоғары лаузымда жүрген саяси қайраткер бүгінгі таңда туған жерінің отымен кіріп, күлімен шығуда. Ел басына күн туғанда ер етігімен су ішеді деген сөзге әдемі үлгі бола білген Шөкеев жұртымен бірге екенін әр ісінде көрсетуде. Саяси карьерасында президент жанындағы жоғары экономикалық кеңесші болып бастаған ол: Экономика министрі, Қостанай және Нұр-Сұлтан әкімі, вице-премьер-министр, ОҚО әкімі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасы, «Тұран-Әлем» банкінің басқарма төрағасы сынды жоғары қызметтерді атқарған. Екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған ол оңтүстіктің құрметті азаматы. 

шымкент

Ләйлә Сұлтанқызы

«Әйел бақыты» жобасымен кең танылған белгілі журналист, тележүргізуші Сұлтанқызы ордалы оңтүстікте туған.  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Балапан» телеарнасының директоры», көптеген ток-шоулардың авторы әрі жүргізушісі. 

Ғабидолла Әбдірахымов 

Шымкент қаласының атышулы экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та Шымкенттің тумасы. Туған жерінің әкімі болу бағы бұйырған оны халқы қимастықпен шығарып салды. Биліктің сенімін ақтамаған оны әлі де лауазымды қызметтен көруіміз бек мүмкін. «Болашақ» бағдарламасымен шет елде біліп алып, орыс, ағылшын, неміс тілдерін жетік меңгерген Ғабекең Шымкент қаласына «зың» деп баға беріп кеткен еді. 

Қайрат Нұртас 

Қайрат қанша жерден «Алматының түндері-ай» деп ән салғанымен түбі – Түркістандікі. Хитмен тек Қазақстанда ғана емес алыс-жақын шет елдер мен ТМД-ға аты шыққан мега-жұлдыз. Жақында ғана Шымкент қаласының құрметті азаматы атағын алған Қайратқа тек шығармашылық табыс тілейміз. 

шымкент

Сәкен Майғазиев

«Шаянға барсаң әншімін деме, Созаққа барсаң күйшімін деме» дейтін оңтүстік өңірдің өнерлі өрендері көп-ақ. Соның жарқын мысалы Созақтан шыққан Сәкен Майғазиев. Атақты «Музарт» тобының солисі, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері. Бүгінгі таңда өзі ашқан өнер мектебінде көптеген өнерлі жастардың жұлдызын жағуда. 

шымкент

Бейбіт Шүменов 

Кәсіби бокстан орта және ауыр салмақтағы бірінші былғары қолғап шебері атанған Бейбіт – шымкенттің шымыр жігіті. Орта салмақтағы әлем чемпионы (2010—2014), IBA бойынша әлем чемнионы. Еліміздің атын әлемге танытып, көк туымызды желбірітіп жүрген Шүменовтің жетістігі мұнымен бітпейді. Ағасымен бірге Лас-Вегаста жеке промоутерлік компанияның негізін қалаған. 

шымкент

 

Ескерту! Эксклюзив материалды көшіріп басу үшін редакцияның хат түріндегі рұқсаты қажет! Хат түріндегі рұқсат берілген жағдайда, эксклюзив материалды жарияланған уақытынан 24 сағаттан кейін ғана көшіруге рұқсат беріледі.

Дайындаған: Жанна Мәлік

stan.kz

Загрузка...