ШҚО-ның күре жолдары толық жөнделеді

31
- Жарнаманы баса кетіңіз -
29 Қараша 2018, 22:36 274 0

Фото: altaynews.kz

Астана, BAQ.KZ. Биыл облыстағы барлық дәрежелі жолдарды жөндеуге 55 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Негізгі туристік нысандарға – Сібе көлдеріне, «Нұртау» және «Алтай Альпісі» тау шаңғысы базаларына апаратын жолдар қалпына келтіріліп отыр. Осы жылы Алакөл бағытындағы Мақаншы – Жалаңашкөл жолы жөнделіп бітті.

«Биыл облыстың автожолдарына былтырға қарағанда бір жарым есе көп қаржы құйылды. Оның ішінде облыстық, аудандық жолдарды, елді-мекендердің көшелерін жөндеуге 19,3 миллиард теңге бағытталды», – дейді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.

Бүгінгі таңда Бородулиха – Шемонаиха, Көкпекті – Самар жолдарының телімдері жөнделуде, ал Семей – Қарауыл жолын жөндеу жұмыстары аяқталып отыр. Атап өтерлігі, бұл өңір Киелі жерлер картасына енген.

«Екі жылдың ішінде Өскемен мен Семейдің көшелеріне қомақты қаржы бөлініп келеді. Жалпы, елдімекендердің көше-жолдарына осы жылы 10,7 миллиард теңге бөлініп, игерілді», – дейді Н. Жұмаділов.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Омбы – Майқапшағай, Таскескен – Бақты республикалық трассалары, Осинов асуының айналма жолы қайта қалпына келтірілуде. Шетелдік компаниялардың қатыуымен Талдықорған – Қалбатау – Өскемен және Қалбатау – Майқапшағай жолдарын жөндеу жұмыстары басталып кетті.



















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...