Шөкеев жұрттың жағасын ұстатқан қылмысқа қатысты пікір білдірді

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Өңір басшысы Абайда жігітті зорлады деген күдікке ілінген экс-полицейдің ісімен таныс екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев 16 жастағы жігітті үш жыл бойы зорлап, ақша бопсалаған полицияның бұрынғы қызметкеріне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі таңда қылмыстық істі өңірдегі тәртіп сақшылары тергеп жатыр.

«Бұл істі білемін. Прокуратура, өңірлік полиция департаменті әлі күнге дейін жұмыс жүргізіп жатыр. Танымал блогерлер іске араласқысы келеді. Дегенмен бұл қылмыс. Оны саясиландырып, елді дүрліктірмеу керек», – деді Өмірзақ Шөкеев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ол бұл мәселе заң аясында шешілетінін, оны әрбір баспасөз мәслихатында көтере беру дұрыс емес екенін атап өтті.

«Құзырлы органдар реттесін. Сот үкім шығарады. Егер үкім әділ болмаса, істі қайта қарасын. Менің ойымша, әр баспасөз мәслихатында бұл мәселені қайта-қайта көтерудің қажеті жоқ», – деп түйіндеді сөзін Түркістан облысының әкімі.

Айта кетейік, 2019 жылдың жазында Түркістан облысының Абай ауылында 16 жастағы жігітті үш жыл бойы зорлап, ақша бопсалаған полицияның бұрынғы қызметкері ұсталғанын жазғанбыз. Бұл ақпаратты танымал қазақстандық адвокат Айман Омарова әлеуметтік желіде жариялаған. Жігітті зорлаған бұрынғы тәртіп сақшысы 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр.



sputniknews.kz

Загрузка...