Шетел қазақтарына қандай қолдау көрсетіледі

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Меморандум аясында этникалық қазақтарды қолдауға бағытталған бірлескен мәдени және бұқаралық спорттық шаралар өткізу жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. «Отандастар» қоры мен мәдениет және спорт министрлігі этникалық қазақтарды қолдау мақсатында өзара ынтымақтастық пен әріптестік қатынасты нығайту туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Бүгінгі меморандумның басты мақсаты – шетелдегі қандастарымызға мәдениет және спорт саласында қолдау көрсету. Бұл ең маңызды дүние», — деді «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Нұртай Әбіқаев.

Нұр-Сұлтанға алғаш рет келген Ресей қазағы: Қазақстанға көшуге асықпаймыз

Әбіқаевтың айтуынша, биыл күзде Түркістанда Отандастар форумы өтеді. Сондай-ақ, «Қасиетті қазақ елі» халықаралық дәстүрлі өнер фестивалі, жастар слеті, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылады.

Келісім аясында шетелдегі қандастар үшін оқу-әдістемелік құралдар әзірленіп, шығарылмақ.

«Бір мәселеміз бар еді, оны да Мирзиеев шешіп берді»: Өзбекстандағы қазақтардың өмірі

Бұған қоса, Нұр-Сұлтандағы ұлттық академиялық кітапхана мен Алматыдағы ұлттық кітапхана базасында «Отандастар» кітапханасы құрылады. Онда қазақ диаспорасы туралы шетел әдебиеті мен отандастарымыздың шығармалары жиналады.

Шетелде тұратын отандастарды мемлекеттік шығармашылық оқу орындарында және Олимпиадалық резерв мектептерінде оқыту үшін квоталар (гранттар) бөлу қарастырылған.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы шетелдегі қандастардың Қазақстанда білім алуға қызығушылығы жоғары екенін атап өтті.

Түмен қазағы: Отанда тұру – бәрімізге бұйырмаған бақыт, бағалаңыздар

«Негізінен Қытайдан, Моңғолиядан көп келеді. Ауғанстандағы қандастарымыздың да қызығушылығы артып келеді. Түрікменстаннан келіп оқитындар бар», — деді министр.

Оның айтуынша, олардың дені Қазақстанда оқуын тәмамдағаннан кейін осы елде қалып, жұмысқа орналасады.



sputniknews.kz