«Шешіндірді. Қылғындырды. Сол жерде білгенін істеді»: такси жүргізушісі зорлаған қыздың оқиғасы – Қазақстан жаңалықтары

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Шымкентте такси жүргізушісі жас қызды зорлап кеткен. Аты-жөні мен бет-бейнесін құпия сақтауды сұраған 28 жастағы бойжеткен сол күнгі жаға ұстатарлық жағдайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне өз аузымен айтып берді. 

Бойжеткеннің сөзінше, оқиға 26 тамыздан 27 тамызға ауған түні болған. Таңға таяу құрбысының туған күнінен шығып таксиге отырған. Алдыңғы орындыққа жайғасқан бойжеткеннен көлікті тізгіндеген жігіт тек жасын сұраған. Әрі қарай әңгіме өрбімеген. Бойжеткеннің көзі ілініп кеткен. Бір қарағанда өзінің үйінен өтіп бара жатқанын байқаған. Бойжеткен «Қайда барамыз?» дегенде, такси жүргізушісі бірден «Өлтірем сені» деп көлікті кілттеп үлгерген. 

«Біздің үйден ары қарай қыр. Айдала. Тек кей жерлерде зауыттар бар. Сол жерге апарды мені. Машинадан түс деді. Мен түспеймін дедім. Екеуміз қарсыластық. Сосын ол мені тепті. Көзімнен тепті. Қылғындырды. Бір есімді білем. Ананың түрін көрейін десем, көре алмаймын»,-дейді зәбір көрген қыз.

Бойжеткен жүргізушінің арам ойын жүзеге асырмауы үшін қолынан келгенін істеп баққан. Десе де такси жүргізушісі ойына алған ісін істеп тынған. 

«Аға, мені алып кетіңізші деп жалындым. Қараған жоқ. Қайта келді де қылғындырды. Ол мені өлтіріп кеттім деп ойлады»,- дейді 28 жастағы азаматша.

Зардап шегуші Еңбекші аудандық полиция басқармасына осы іс бойыншар арызданған. Полиция басқармасының мәліметінше, бүгінде күдіктіні іздеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкентте такси жүргізушісі жас қызды зорлап тастағанын хабарлаған едік.

Ескерту! Эксклюзив материалды көшіріп басу үшін редакцияның хат түріндегі рұқсаты қажет! Хат түріндегі рұқсат берілген жағдайда, эксклюзив материалды жарияланған уақытынан 24 сағаттан кейін ғана көшіруге рұқсат беріледі.

stan.kz

Загрузка...