«Шешемді қазірден қимаймын»: Тоқтар Серіков Ерке Есмаханды жылатты  – Қазақстан жаңалықтары

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Аңшылықты жаны сүйетін Тоқтар Серіков соңғы уақытта бұл «хоббиін» шетке ысырып қойған. Бос уақыты бола қалса, анасына, бала-шағасына көңіл бөлуге тырысады. Тоқтар шашына ақ түскен анасына деген қимастық сезімі жайлы айтып, Ерке Есмаханды жылатты.

Бұл туралы Stan.kz «Хабар» арнасының «Ережесіз әңгіме» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Неғұрлым уақытым болса, бала-шағама бөлгім келіп тұрады. Аңнан гөрі, шешемнің қасына барып, қолынан ұстаймын. Бір уақыт шайын бірге ішемін, сөйлесемін, балаша қалжыңдасамын. Екеуміз қыдырамыз. Қуантсам, риза қылсам… Мәселе, қайта-қайта қолына жүзік сала беруде емес. Дүниедегі ең үлкен сыйлық – мейірленіп құшақтау, сүю. 

Жасыратыны жоқ, шешемнің аяғын сүйемін. Өзімнің бала-шағам болса да, әлі күнге дейін омырауына қолымды саламын. Омырауын ұстаймын, сүйемін. Шешеммен арамызда күндер қалды ма, жылдар қалды ма, білмеймін. Қазірден қимастық бар. Телефоныма «анашым» деп жазып қойдым. Бір күні соның тұтқасын ешкім көтермеуі мүмкін. Оның да уақыты келеді. Соның алдын алғым келеді. 

Ауылдан қайтар кезде қиналамын. Анашым есік алдында ұзақ тұрып алады, мен көлікте отырып аламын. Бір-бірімізді ұзақ қимай тұрамыз. Барыңды бағалау керек», – деді Тоқтар Серіков. Жанары жасқа толған Серіков әріптесі Ерке Есмаханды да жылатты. 

«Ақтөбедегі анамды сағынып кеттім ғой. Жұмыспен әрлі-берлі жүріп кетеміз. Арасында телефонды алмай қаламыз», – деген Ерке Серіковтің сөзін жүрегіне қатты қабылдап қалды. 

stan.kz

Загрузка...