Шашын бояған бойжеткеннің беті ісіп кеткен

46
- Жарнаманы баса кетіңіз -
Шашын бояған бойжеткеннің беті ісіп кеткен


Эстель шашқа арналған бояуды супермаркеттен сатып алған.

Француз қызы шашын қара түске бояғаннан кейін бет пішінінің қалай өзгеріп кеткенін көрсетті. 19 жастағы Эстель шаш бояуын супермаркеттен сатып алған. Бояуды қолданар алдында, ол аллергиясы бар-жоғын тексеру үшін тест жасайды. Алайда студент қыз тестің нәтижесін 30 минут емес, екі тәулік күту керек екенін қаперіне алмаған. 

«Мен ақымақтық жасадым, мұның өзгелерге сабақ болғанын қалаймын», — деді ол. 

Шашын қара түске бояғаннан кейін бірнеше сағаттан соң, бояғыштарды дайындауда қолданылатын парафенилендиамин затына аллергиялық реакциясы пайда болған. Бас терісі ісе бастаған. Эстель бірден шұғыл медициналық көмек пунктіне жүгінеді, ол кезде қыздың басының көлемі 56 сантиметрден 63 сантиметрге дейін ұлғайған еді. Дәрігердер оған дәрі беріп, үйіне қайтарып жіберген.

Алайда беттің ісуі тоқтамаған, көп ұзамай тілі ісіп, демі қысыла бастаған. Осыдан кейін Эстель ауруханаға жатқызылып, ем қабылдады. Тиісті емнен кейін ғана қыздың беті бері қараған. Аллергиялық дертінен толық айыққаннан кейін Эстель өзінің суреттерін жариялап, бет пішінінің қалай өзгергенін көрсетуді жөн санады. 

«Мен бір ажалдан аман қалдым, басқалардың да мұндай жағдайға тап болғанын қаламаймын», — деді студент. 

Дереккөз: Sputnik

Загрузка...