Шай құйып жүрген ерекше келін жұртты таңғалдырды – видео

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Желіде қара нәсілді қыздың басына ақ орамал тағып, күйеуі мен оның туыстарына шай құйып жүрген видеосы жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Қара нәсілді қыздың қазақтың салт-түрін сақтап, күйеуі мен оның туыстарына шай құйған сәті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

Instagram әлеуметтік желісіндегі ztb_video парақшасында қара нәсілді қыздың басына ақ орамал тағып, күйеуі мен оның туыстарына шай құйып жүрген видеосы жарияланды. Келіннің орысша түсінбейтіні айтылады. Видеодан келіннің қазақтың салт-түрін сақтап, күйеуінің әкесіне шай берген сәтін көруге болады. Бұл желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.

Тағы оқыңыз: Енесінің қорлығына төзе алмаған келін көпірден секіріп кетті: оқиғаның мән-жайы

«Жақсы келін болатыны көрініп тұр. Әдемі екен. Күйеуінің талғамы жоғары болғаны ғой», – деп жазды желі қолданушысы.

Ал енді бірі: «Маңыздысы күйеуін сүйіп, оның ата-анасын сыйласын. Ал оның түр-түсі маңызды емес», – дейді. Алайда кейбір желі қолданушылары видеодағы оқиғаның шынымен болғанына сене алар емес.



sputniknews.kz

Загрузка...