Семейде жантүршігерлік өрттен екі бала қаза тапты: анасы үйді құлыптап кеткен

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Отбасы әлеуметтік қызметшілердің бақылауында болатын, ал үйдің кенжесін Балалар үйіне жібермек болыпты

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында Семей қаласына жақын жердегі Суықбұлақ ауылында жантүршігерлік өрттен екі бала қаза тапты. Оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, иіс тиіп уланған балалардың денесін өрт сөндірушілер жуынатын бөлмеден тауыпты. Қаза тапқан ер балалардың бірі алты жаста, екіншісі төрт жаста болған.

«Қазір өрттің бастапқы себептері қарастырылып жатыр: отты пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтамау, балалардың тентектігі немесе әдейі өрт қою», – деп хабарлады төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Қанат Әбділов.

Семей әкімі Ермак Сәлімов балалардың қазасы туралы хабар шыққан бойда оқиға орнына аттанып, анық-қанығын білді.

«Қала әкімдігінің мәліметінше, балалардың анасы – 28 жастағы келіншек қазір жұмыссыз, аяғы ауыр екен. Өрт болған күні есікті құлыптап, дәрігерге қаралуға кеткен. Қырық алты жастағы отағасы Нұр-Сұлтан қаласында құрылысшы болып істейді, қайғылы оқиға кезінде Семейде болмаған», – деп мәлімет берді Сәлімов.



sputniknews.kz

Загрузка...