Сапарбаев зейнетақы жинағын алуға рұқсат берудің шарттарын атады

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Қазір зейнетақы жинағын алуға қатысты мәселе пысықталып жатыр. Бұл әр азаматтың зейнетақы жинағына байланысты болады

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан – Sputnik. Зейнетақы жинағын алуға рұқсат беру үшін үкімет қазақстандықтың қордағы ақшасы мен өмір сүру ұзақтығына қарайды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-премьердің айтуынша, қазір зейнетақы жинағындағы қаражатты алуға қатысты мәселе пысықталып жатыр. Арнайы жұмыс тобы құрылған.

«Біріншіден, бұл әр азаматтың зейнетақы жинағына байланысты болады. Екіншіден – өмір сүру ұзақтығына. Бұл азамат шамамен қанша жыл зейнетақы алатынын есептейміз. Яғни, өмірінің қалған күндеріне жинаған қоры жете ме, жоқ па, соған қараймыз», – деді Сапарбаев мәжіліс кулуарында.

Тағы оқыңыз: «Тоқтату керек»: белгілі экономист Тоқаевтың ұсынысын қолдамады

Еске сала кетсек, 2 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы жолдауында үкімет пен Ұлттық банк зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыруы қажет екенін айтқан болатын.

Президент үкіметке жылдың соңына дейін қазақстандықтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана мен білімге жұмсауға пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырды.



sputniknews.kz

Загрузка...