Сапарбаев Қордайдағы келеңсіздіктер жайлы: Өте ұят жағдай — Қазақстан жаңалықтары

0

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бірінші аппарат кеңесін өткізіп, онда өңірдің одан әрі дамуы мен экономикалық және әлеуметтік саясаттағы басым бағыттары туралы өз ойларын ортаға салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сапарбаев

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімідігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Бердібек Сапарбаев жауапты мемлекеттік органдар Қордай ауданында болған оқиғалардан қорытынды шығару керектігін атап өтті.

​»Бұл жағдай бізге сабақ болу керек. Осы секілді қайғылы оқиғалар алдағы уақытта қайталанбас үшін тиісті шешім шығара білуіміз қажет. Мемлекеттік органдар, жұртшылық пен интеллигенция өз күш-жігерін біріктіріп, қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтау бойынша жұмыс жүргізуі тиіс», — деп түйіндеді ол.

Аймақ басшысы бірінші тоқсанның қорытындысы өткен жылдың нәтижесінен кем болмауы тиіс екенін баса айтты.

«Ең басты талап – Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс жақсы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізді. Осы қарқынды төмендетпеу керек», — деп атап өтті өңір басшысы.

Жұмыссыздық деңгейі-4,8 пайызды құраса, ол республикалық орташа мәннің деңгейінде екен. Бірақ бұл ретте облыста өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны әлі де көп. Сондықтан «Қазфосфат» ЖШС және «Еврохим» сияқты жергілікті өнеркәсіптің алыптарымен тығыз жұмыс істеу, өңірге ірі отандық және шетелдік инвесторларды тарту қажет.

Бұған қоса облыс әкімі Амангелді газ кен орнының да қарқындылығын арттыру үшін салалық министрліктің көмегімен ауқымды геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу қажеттігін жеткізді.

Жиын барысында егістіктерді әртараптандыру, рентабельді дақылдарға, майлы дақылдарға көбірек көңіл бөлу, жергілікті қант зауыттарын одан әрі жүктемесін арттыру үшін қант қызылшасының көлемін ұлғайту маңыздылығы да айтылды. Күн тәртібінде көтерілген мәселелердің бірі – көктемгі егіс жұмыстарына дайындық, ауыл шаруашылығы техникасын уақытында дайындау, жоғары сапалы тұқым сатып алу және отырғызу болды.

​Бердібек Сапарбаев ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру пилоттық жобасының міндетті түрде өз жалғасын табатындығын, ол бастапқы қарқынының төмендемеуін баса айтып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

​»Ауыл тұрғындары жыл бойы жұмыспен қамтылып, егін шаруашылығымен де, мал шаруашылығымен де айналысуы керек. Бұл орайда пилоттық жобаға бөлінген 7,2 миллиард теңге толық көлемде игерілуі тиіс. Біз жобаның өміршеңдігін көрсетуіміз керек, бұл алдағы уақытта қаржыландыру көлемін ұлғайтуға және көп адамдардың материалдық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді», — деп ұосты Сапарбаев.

Білім беру саласында апатты және үш ауысымды мектептерді жою үшін 17 мектеп ашу қажет көрінеді.

​Жиында жамбылдықтардың табыс деңгейін арттыру, салық салу базасын ұлғайту, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, жалақы бойынша берешектерді жою, медициналық қызмет сапасын арттыру, денсаулық сақтаудағы бюрократия деңгейін төмендету, жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеу, ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайту сияқты өзекті мәселелер де жан-жақты көтеріліп, сараланды.

stan.kz